26.10.2023
20:08
1232
Жетінші алтын! Диас Кенжебек Азия пара ойындарында топ жарды

Жетінші алтын! Диас Кенжебек Азия пара ойындарында топ жарды

Қазақстандық спортшы Диас Кенжебек жүзуден алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол 100 м қашықтықты 1:05:42-де жүзіп өтіп, Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартты. 

Азиадада Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде осы спорт түрінен өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді және бүгінгі жетістік-осының жарқын дәлелі. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздің еңбегіңізді мақтан тұтады! - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.