Жетім балалардың 16%-ы үшін тұрғын үй мәселесі шешіледі

27 Мамыр, 18:15 469

2024 жылы кезекте тұрған жетім балалардың 16%-ы үшін тұрғын үй мәселесі шешімін табады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігі ХӘОТ санаттағы адамдарды, атап айтқанда, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударады.

2022 жылы Алматы қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан жетім балаларға 14 пәтер табысталса, 2023 жылы 55 пәтер берілді.

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлының сөзінше, 2024 жылы ХӘОТ санаты үшін 2 мың жалға берілетін пәтер беру жоспарланып отыр. Оның 400-і жетім бала.

Бұл Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жеке бастамасы, мұқтаждар үшін жалға берілетін пәтерлердің 20%-ы жетім балаларға бөлінеді. Бүгін біз Шұғыла шағын ауданындағы Alem City-2 тұрғын үй кешенінде орналасқан үш үйдегі ХӘОТ санатына жататын 124 кезекте тұрғандарға пәтер кілтін тапсырдық. 124 пәтердің 49-ы бір бөлмелі, 75-і екі бөлмелі, - деді Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

Оның айтуынша, жаңа пәтер иелері ай сайын баспанаы жалдау ақысын өтеуі керек. Наурызбай ауданында бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны 10 мың теңге, екі бөлмелі пәтер 15 мыңға жуық, үш бөлмелі пәтер шамамен 20 мың теңге. Сондай-ақ, коммуналдық қызметті уақытылы төлеу қажет. Бағдарламаның шарты бойынша азаматтарға пәтерді жалға беруге немесе қайта жоспарлауға тыйым салынады.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: