Жетіген аспабымен танысу және үйрену әдістері

27 Тамыз 2020, 17:43 2486

Жетіген туралы аңыз: Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болған. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған шек салып, тиек қойып, “Қарағым” күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші шек тартып, “Қанат сынар” деген күй шығарды, үшінші ұлы Жайкелдіге ол “Құмарым” күйін, төртінші ұлы Бекенге “От сөнер”, бесінші ұлы Хауасқа “Бақыт көшті”, Жүлзарға “Күн тұтылуы” атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші шекті тартып, “Жеті баламнан айрылып құса болдым” атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер мұнан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй-пьеса түрінде бізге “Жетігеннің жетеуі” деген жалпы атпен жеткен. “Жетіген деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән” - “жетіген” деген ұғымды береді.

EL.KZ
Бөлісу: