25.09.2025
16:06
561
Жердегі тәулік ұзақтығы 25 сағатқа дейін созылуы мүмкін – Daily Mail

Жердегі тәулік ұзақтығы 25 сағатқа дейін созылуы мүмкін – Daily Mail

Жердегі тәуліктердің ұзақтығы біртіндеп артып келеді. Бұған Айдың біздің планетадан біртін-біртін алыстап бара жатқаны себеп. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

АҚШ-тағы Мичиган штаты университетінің физика және астрономия саласының зерттеушісі Стивен ДиКербтің айтуынша, болашақта тәуліктің ұзақтығы 25 сағатқа дейін жетуі ықтимал.

Ғалымның сөзінше, Ай алыстаған сайын Жердің айналу жылдамдығы баяулайды. Сол себепті шамамен 70 миллион жыл бұрын Жердегі тәулік ұзақтығы қазіргідей 24 сағат емес, 23,5 сағат болған.

Жылына 1,5 дюймге (3,8 см) алыстау – Ай мен Жер арасындағы 384 мың шақырым қашықтықпен салыстырғанда небәрі 0,000000001 пайыз ғана, – деп нақтылады ДиКерб.

Оның айтуынша, адамдар ешқашан 49 сағаттық тәулікті көрмейді, себебі ол үшін бірнеше миллион жыл қажет болады.

Сонымен қатар, ғалымның болжамынша, шамамен 1 миллиард жылдан кейін Күннің өзі Жерді де, Айды да жойып жіберуі мүмкін.