14.06.2022
09:47
2873
Жер тұрғындары ерекше көрініске куә болмақ

Жер тұрғындары ерекше көрініске куә болмақ

Кезекті толған ай 14 маусымда басталып, бұл жолы Жер тұрғындары ерекше көрініске куә болмақ, деп хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ай Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:52-де толып, 11,5 сағаттан кейін өз орбитасының Жерге ең жақын нүктесі – перигейден шамамен 357429 шақырымнан өтеді, деп хабарлайды «Бақылау астрономиясы» сайты. Айдың көрінетін диаметрі орташа мәнге қатысты шамамен 8% өсіп, жарығы шамамен 13% артады.

Ал көкжиекке жақын жерде (кешке және таңертең) «ай иллюзиясына» байланысты жердің серігі ірі болып көрініп тұрады. Астрологтар алдағы «суперайға» қатысты түрлі пікір айтып жатыр. Бұл - адамдар үшін кешірім жасап, алғыс білдіре алатын ең қолайлы уақыт.