Жер заңнамасын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады

18 Қаңтар 2023, 11:47 1111

Депутаттар жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды Мәжіліс екінші оқылымда қабылдады.

Депутаттардың ұсынысы бойынша шетелдік жер пайдаланушыларға жалпыға ортақ жайылымдар мен шабындықтарды, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді заңсыз бергені үшін, бос жер учаскелері және жоспарланған аукциондар туралы мәліметтердің ашықтығын қамтамасыз етпегені үшін; және жер заңнамасын басқа да бұзушылықтар үшін әкімдіктердің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

EL.KZ
Бөлісу: