Жер сілкінісінен кейін Алматы жолдарының жағдайы тексерілді

4 Наурыз, 18:00 775

Алматы облысының автожолдарындағы қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алатау бөктеріндегі жер сілкінісінен кейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Алматы облыстық филиал қызметкерлері шұғыл әрекет етті. Жалпы ұзындығы 1544 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар күре жолдардағы көпірлер тексеріліп, бақылауға алынды.

Қазіргі сәтте барлық 179 көпірдің негізі тұрақты, ақаулар мен жарықшақтар жоқ. Дегенмен, олар жол қызметкерлерінің жіті бақылауында болады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: