Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСейсмикалық белсенді аймақтарда пайдалануға арналған құрылыс материалдары сынақтан өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары 20, 22, 25, 28 және 32 мм диаметрлі арматура өзектеріне зертханалық зерттеулер жүргізуде. Сынақтар «ЗСОМС «ГРАД» ЖШҚ тапсырысы бойынша өткізілуде.
Барлығы 45 үлгі тексерілді, олардың құрамына бүтін арматура элементтерімен қатар, «GRAD» бұрандалы муфталарымен қосылған үлгілер де кіреді.
Арматура ресейлік стандарттарға сәйкес А500С класындағы болаттан жасалған. Қосылыстар өзек ұштарындағы арнайы бұранда және берік муфталар арқылы орындалды.
Сынақтар аяқталу кезеңінде. Егер оң сипаттамалар расталса, бұл материалдарды сейсмикалық белсенді аймақтарда пайдалануға арналған құрылыс құрылымдарында қолдануға ұсыным беруге болады.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі