Жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан екі адам жауапқа тартылды

26 Қаңтар, 21:42 743

Алматы прокурорлары жер сілкінісі туралы жалған ақпарат үшін жауапқа тартудың алғашқы деректері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Орын алған жер сілкінісі аясында әртүрлі әлеуметтік желілерде және мессенджер чаттарында табиғи апаттың салдары туралы көрінеу жалған хабарламаларды орналастыру фактілері орын алды, бұл өз кезегінде азаматтар арасында дүрбелең және кең қоғамдық резонанс тудырды.

Мұндай әрекеттерді жасау деректері бойынша қазіргі уақытта 1995 және 2006 ж.т. екі әйелдің жеке басы анықталып отыр. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі (онлайн-платформаларды пайдаланушылардың қоғамдық тәртіптің, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуына жағдай жасайтын жалған ақпаратты орналастыруы, таратуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса) бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданумен әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - деп жазылған Алматы қалалық прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: