Жер сілкінгенде Алматы әуежайына ұшақтар қона алмаған

23 Қаңтар, 10:31 1736

23 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.10-да Алматыда жер сілкінісі болды, ол әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесінің "мұнарасында" айтарлықтай сезілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінен мәлім етті.

Әуеайлақ ауданында қонуға келе жатқан 5 әуе кемесі болды, оның ішінде 1 әуе кемесі қонды, 4 әуе кемесіне жер сілкінісі туралы хабардар етілді және әуеайлақ ауданында күту ұйымдастырылды. Аэродромды басқару орталығында әуе қозғалысын басқару 20 минутқа созылды. Одан әрі жерасты дүмпулері тоқтаған соң, аэродромды басқару орталығы қайтадан жұмысын бастады, - делінген ақпаратта.

Қонуы тиіс 4 ұшақтың бірі — Астана-Алматы бағытындағы Эйр Астананың КС-856 рейсінің ұшағы Түркістанның қосалқы аэродромына қонды.Қалған үшеуі еш қиындықсыз Алматы әуежайына қонды.

Сағат 00: 39-дан бастап әуежай штаттық режимде жұмыс істей бастады. Қосалқы аэдромға қонған КС-856 рейсі Түркістаннан 02.32-де Алматыға ұшып, 03.34-те сәтті қонды, - делінген комитет ақпаратында.

 

 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: