Премьер-министр «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясын қолдауды және дамытуды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біз, ең алдымен, жер асты ұлттық байлығымызды мемлекеттік компанияларға тапсыруымыз керек, барлау жүргізіп, оны дамытып, игеріп, содан кейін инвесторларды тартуымыз қажет. Сонда ғана оның құны өседі және мемлекет пайда көреді. Осы тетікті кеңінен қолдануымыз керек, - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Өнеркәсіп және Энергетика министрліктері геологиялық барлауға инвестициялар тарту, оның ішінде «терең» қабаттар мен күрделі кен орындарын игеру кезінде жеңілдіктер беру бойынша нақты тетіктер мен қажетті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды.
Өнеркәсіп министрлігі Сауда министрлігімен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, тау жыныстарын талдамалық зерттеу бойынша халықаралық стандарттарға сай келетін мамандандырылған аккредиттелген зертхананы құруға тиіс. Үшінші. Өнеркәсіп және Энергетика министрліктері «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, Ұлттық геологиялық қызмет базасында ғылыми экологиялық-геологиялық кластер құру жұмысын жүргізсін, - деді Олжас Бектенов.