ЖЭО құрылысы: былтыр 175 млрд теңгеге 336 шақырым жылу желілері жаңғыртылған

10 Мамыр, 11:12 514

Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздегі жылу электр орталықтарын жөндеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, жылу желілерінің жалпы ұзындығы 13 мың шақырым. Орташа тозу деңгейі – 53%, шамамен 7 мың шақырым ауыстыруды қажет етеді.

13 мың шақырым жылу желілерінің 1,6 мың шақырымы жеке меншікте, олардың орташа тозуы шамамен 70%. Ал 1,1 мың шақырымнан астамы ауыстыруды қажет етеді.

Жылу желілерінің жоғары тозу деңгейі Павлодар (Екібастұз – 91%, Павлодар – 83%), Ақмола (Степногорск – 82%, Атбасар – 76,5%), Солтүстік Қазақстан (Петропавл – 74%), Қостанай (Арқалық – 68%, Рудный – 68%), Маңғыстау (Ақтау – 71%) және Қарағанды (Теміртау – 67%) облыстарында жоғары, - деді министр.

Министр 2030 жылға дейін жылу желілерінің тозуын 43%-ға төмендету қажет екенін айтты.

Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін жыл сайын 350 шақырым жылу желілерін жөндеу қажет, қаржылық қажеттілік жылына 250 млрд теңгені құрайды. Өз кезегінде 2023 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 175 млрд теңгеге 336 шақырым жылу желілері жаңғыртылды, - деді министр.

Қанат Шарлапаевтың сөзінше, 172 шақырымды қайта жаңартуға республикалық бюджеттен (МПС және МНЭ бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері) 128 млрд теңге, 98 шақырымды жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 37 млрд теңге, 67 шақырым желіні жөндеуге субъектілердің инвестициялық бағдарламалары есебінен 10 млрд теңге керек.

Биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 221 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспарланған. Бұл мақсатта 128 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде:

- республикалық бюджет есебінен 72,3 млрд теңге (126 км);

- жергілікті бюджеттен 39 млрд теңге;
- табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары есебінен 17 млрд теңге (69 км);

Министр қосымша 233 шақырым жылу желілерін жөндеуге 162 млрд теңгеге (84 жоба) дайын жобалар бар екеніне тоқталды. Оның ішінде:
- 43 млрд теңге басталған 14 жобаны аяқтауға (27,3 км);
- 119 млрд теңге 70 жаңа жобаны іске асыруға (205,6 км).

Сондай-ақ министрлік жылу желілерінің тозу деңгейі өте жоғары (65%-дан 91%-ға дейін) «қызыл аймаққа» жатқызылатын 12 қаланы анықталғанын атап өткім келеді. 2023 жылдың қорытындысына сәйкес осы қалалардағы жылу желілерінің орташа тозу деңгейі 73%-ды құрайды (90,7%-дан 65%-ға дейін). Алдағы жылыту маусымын үздіксіз өткізу мақсатында аталған қалаларға 47,2 шақырымды жөндеуге 33 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар 90 шақырым жылу желілерін жаңғыртуға 46 млрд теңге қосымша қаржы қажет, - деді Шарлапаев.

Миражан Махан
Бөлісу: