Жеңіс Қасымбек қоғамдық көлікті неліктен пайдаланбайтынын айтты

26 Ақпан, 15:18 957

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек «Сарыарқа» ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде неліктен қоғамдық көлікпен жүрмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тілшілер әкімнен «қоғамдық көлікті пайдаланасыз ба?» деп сұрады.

Қоғамдық көлікпен жүрмеймін, себебі жұмыс өте көп. Бірақ қызметтік автобус бар. Әріптестерім, басқармалар басшылары – шамамен 15-20 адам сол бір автобусты пайдаланады. Қаласаңыздар, сіздерді де шақырайын, - деді Қасымбек.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: