Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды экологиялық акция өтті. Тазалық іс-шарасына 50 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жұмыстар қаладағы барлық ауданда «Таза Қазақстан» және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» бағдарламасы аясында жүргізілді. 16 жерде 439 ағаш отырғызылып, аумақ жиналып, қоршаулар сырланып, арықтар тазартылып, ағаштар санитарлық мақсатта кесіледі. Ағаш отырғызу мен суаруда заманауи әдістер қолданылды.
Іс-шараның басты оқиғасы – 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Ардагерлер аллеясының ашылуы болды. Мұнда 29 атаулы жөке ағашы отырғызылды. Жалпы қала бойынша 200 ағаш Ұлы Жеңіс ардагерлеріне арналып отырғызылды. Акция тұрғындарды біріктіріп, қаланы таза ұстау мен батырларды есте сақтау жолында ортақ мақсатқа жұмылдырды,-деп атап өтті әкімдіктен.