Жеңілістен көз ашпады: «Барыс» қатарынан алтыншы рет ұтылды

1 Ақпан, 08:02 770

Құрлықтық хоккей лигасы аясында Астананың «Барыс» клубы өз айдынында Омбының «Авангардын» қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу 1.3 есебімен қонақтар пайдасына аяқталды.

Олег Болякин мына құрамды шығарды: Паскуале (Шутов) — Скленичка-Ножье, Старченко-Оберг-Апальков; Хенкель-Нұрғалиев, Савицкий-Шестаков-Муратов; Бекетаев-Данияр, Әсетов-Өмірбеков-Червени; Шалапов, Оспанов-Борисевич-Рымарев.

Негізі матчта есіпті бірінші болып «Барыс» ашты. Ойынның 17-минутында Аркадий Шестаков мергендік танытты. Дегенмен екінші таймның басында «Авангард» таразы басын теңестірді. Артынша қонақтар екінші шайбаны соқты. Ойынның аяқталар тұсында «Авангард» үшінші рет қақпаны дәл көздеп, есепті 1:3-ке жеткізді.

Елордалықтар осымен алтыншы ойында жеңіліп отыр. Мұның алдында «Ак Барстың» басымдығын мойындауға мәжбүр болған - 1:3.

Перизат Саденова
Бөлісу: