Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар: биыл 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

26 Маусым, 10:52 303

Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкіметтің тұрғын үй салуғы қатысты биылғы нақты жоспарын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тамара Дүйсенованың сөзінше, биыл кемінде 18 млн шаршы метр тұрғын үй салу көзделген.

«Отбасы банкінің» жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары іске қосылды. «Отау» және «Наурыз» жаңа бағдарламалары бойынша 64 мың адамнан өтінімдер қабылданды. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 272 млрд теңге бөлінді, - деді премьер-министрдің орынбасары.

Миражан Махан
Бөлісу: