31.05.2025
21:10
10760
Жеңіл атлетші Нора Джеруто ел қоржынын алтын жүлдемен толықтырды

Жеңіл атлетші Нора Джеруто ел қоржынын алтын жүлдемен толықтырды

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нора Джеруто екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы 5000 метрлік қашықтықтағы финалдық жарыста жеңіске жетті. Норма Джеруто 4:58.71 нәтижесімен мәре сызығын кесті. Ал үндістандық Парул Чаудхари екінші орынды иеленді (15:15.33), жапониялық Юма Ямамото үшінші орынға табан тіреді (15:16.86). 

Айта кетсек, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде  алты жүлде бар.