Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауқымды додада 32 спортшы медаль үшін сынға түседі.
- Екатерина Авдеенко – жетісайыс
- Виктория Ан – 200 және 400 метр, 4х400, 4х400 аралас эстафета
- Юлия Башманова – 100 метр кедергілер арқылы жүгіру
- Айана Болатбекқызы – 1500 метр
- Нора Джеруто – 3000 метр кедергілер арқылы жүгіру
- Дейзи Джепкемей – 5000 және 10000 метр
- Надежда Дубовицкая – биіктікке секіру
- Мария Ефремова – үш қарғып секіру
- Александра Залюбовская – 400 метр, 4х400, 4х400 аралас эстафета
- Аделина Земс – 400 метр кедергілер арқылы жүгіру, 4х400
- Кристина Кондрашова – 4х400, 4х400 аралас эстафета
- Елизавета Матвеева – биіктікке секіру
- Анастасия Рыпакова – ұзындыққа секіру
- Ольга Сафронова – 100 және 200 метр, 4х400, 4х400 аралас эстафета
- Жасмин Тоқсанбаева – 20 шақырым спорттық жүріс
- Антонина Чернышова – 100 метр кедергілер арқылы жүгіру
- Алина Чистякова – жетісайыс
- Анна Шумило – 4х400 эстафета
- Артур Гафнер – найза лақтыру
- Давид Ефремов – 110 метр кедергілер арқылы жүгіру
- Виталий Земс – 100 және 200 метр
- Вячеслав Земс – 400 метр кедергілер арқылы жүгіру, 4х400, 4х400 аралас эстафета
- Иван Иванов – ядро серпу
- Дмитрий Коблов – 400 метр кедергілер арқылы жүгіру, 4х400, 4х400 аралас эстафета
- Михаил Литвин – 4х400, 4х400 аралас эстафета
- Эльнор Мухитдинов – 400 метр, 4х400, 4х400 аралас эстафета
- Зелімхан Насыров – ұзындыққа және үш қарғып секіру
- Андрей Соколов – 4х400, 4х400 аралас эстафета
- Ефим Тарасов – 4х400, 4х400 аралас эстафета
- Алмат Төлебаев – 100 және 200 метр
- Максим Фроловский – 1500 және 5000 метр
- Георгий Шейко – 20 шақырым спорттық жүріс
Айта кетейік, Азия чемпионаты 27–31 мамыр аралығында өтеді.