27.10.2025
01:09
511

Жеңіл атлетика: Нұрболсын Мұрат Азия ойындарында қола жүлдегер атанды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрболсын Мұрат Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үшінші болып мәре сызығын кесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстандық спортшы 3000 метрге жүгіру сайысында қола жүлдеге ие болды. Мұрат қашықтықты 09:07.81 уақытта жүгіріп өтті.

Тайбэй спортшысы Чен-Ю Ван жарыс жеңімпазы атанды - 08:34.46. Қытайлық Цзычэн Ли күміс жүлдеге ие болды - 08:55.76.