Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған роликтер LED-экрандарда көрсетіле бастады

Кеше, 20:18 125

Республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардға LED-экрандарда жемқорлыққа қарсы роликтер көрсетіле бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ақпараттық роликтерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әзірлеген. Ведомство мәліметінше, мақсат - қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын ілгерілету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. 

Агенттік қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс жалғастыруда.

Зарина Арман
Бөлісу: