06.09.2025
11:28
766
Жемқорлыққа қарсы агенттіктің бұрынғы төрағасы тергеліп жатыр

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің бұрынғы төрағасы тергеліп жатыр

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.  

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.