Жемқорлық туралы хабарлауға арналған Telegram-бот іске қосылды

13 Қыркүйек 2023, 09:32 691

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға арналған Telegram-бот іске қосылды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламаларға жедел ден қою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет @antikorkz_bot Telegram-ботын іске қосты.

Осы чат-бот арқылы іздеудегі адамдар туралы ақпаратты да хабарлауға болады.

Іздеудегі адамдар бойынша бағдарлар Агенттіктің сайтында сілтеме бойынша жарияланады

Айта кетейік, басқа мәселелер бойынша азаматтар 1424 қысқа нөміріне қоңырау шалып, кеңес ала алады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: