17.12.2022
09:24
2067
Желтоқсан оқиғасына бүгін 36 жыл толды - Қасым-Жомарт Тоқаев

Желтоқсан оқиғасына бүгін 36 жыл толды - Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Төл тарихымызда өшпес із қалдырған Желтоқсан оқиғасына бүгін 36 жыл толды. Сол ызғарлы күндерде халқымыз қайсар рухы мен азаттыққа деген ұмтылысын паш еткен еді. Желтоқсан қаһармандарының ерлігі мен құрбан болған боздақтардың бейнесі жұртымыздың жадында мәңгі сақталады", - деп жазды Президент.