Желтоқсан айының басында қатты аяз болады

30 Қараша 2022, 13:11 7036

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті

 
1-3 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде қатты аяз болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.1 желтоқсанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 2 желтоқсанда атмосфералық фронттардың өтуімен шығыста қатты қар жауады деп күтілуде.
 
Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста - тұман, көктайғақ, шығыста және орталықта боран болады. Түнде елдің батысында 2-16-дан 5-18-ге дейін аяз, солтүстік-батыста 7-27-ден 14-30-ға дейін аяз, солтүстік өңірлерде 15-28-ден 22-32-ге дейін аяз, елдің орталығында 5-20-дан 13-30-ға дейін аяз, республиканың шығысында 15-35-тен 22-37-ге дейін аяз, оңтүстікте 3-12-ден 8-17-ге дейін аяз, оңтүстік-шығыста 1-20-дан 8-28-ге дейін аяз болады.
EL.KZ
Бөлісу: