Қазақстан желкенді қайық спортынан халықаралық регатада екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Дохада (Катар) желкенді қайық спортынан халықаралық жарыс өз мәресіне жетті.
«Лазер стандарт» санаты бойынша сынға түскен қазақстандық Антон Гаас қолаға қол жеткізді. Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Берік Кубаев күміске ие болды.
Айта кетейік, додаға әлемнің 7 елінен 70-ке жуық спортшы қатысты.