Желінің жұлдызына айналған "Ричард Гирдің" кім екені анықталды

17 Ақпан 2023, 15:58 1460

Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған танымал америкалық актер Ричард Гирдің жастық шағына ұқсаған қазақстандық азаматтың бейнесі жалған ақпарат екені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.  

Аз уақыттың ішінде миллиондаған қаралым жинап, көрермендер арасында қызу талқыланған бейнеролик Deepfake бағдарламасы арқылы түсірілген. Көрермендердің пікірі рассталып, түсірілім барысында монтаж қолданылғаны белгілі болды.

«Болжамым бойынша 80% дипфейк, 20% шынайы видео болуы мүмкін. Сыртқы дауысқа қарағанда тиктокер-қызға ұқсайды. Сол үшін де не жалған, не шынайы видео екені білінбей тұр», - дейді видео-монтаж саласының маманы.

Бейнероликті анықтап қарағанда, қазақстандық Ричард Гирдің күрте жағасында бет бейнесі бұлыңғыр және шынайы еместігін көруге болады.

Спикер өтініші бойынша, аты-жөні аталмады.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: