04.09.2024
10:13
1076
Желіде жаңылтпаш айтқан Қытайдағы қазақ дикторлары көпшілікті тамсандырды

Желіде жаңылтпаш айтқан Қытайдағы қазақ дикторлары көпшілікті тамсандырды

Әлеуметтік желіде Қытайда жаңылтпаш айтқан қазақ дикторларының видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Instagram-дағы maulenqazaq парақшасында жарияланған видеодан қытайлық қандастардың мүдірмей жаңылтпаш айтқанын көруге болады.

Іле Қазақ аутономиясы, - деп жазба қалдырған автор.

Көпшілік шетелде туып-өссе де, ана тілінде еркін сөйлейтін жүргізушілерге сүйсінген.  

«Шынымен керемет жүргізушілер сияқты», «Қандай керемет жүргізушілер, үндерінің өзі от қой», «Тұнық қазақ емлесі», «Нағыз қазақтар», «Керемет», «Жүргізушілердің сырт келбеті жағымды екен», - деп жазды желі қолданушылары.