Желіде Атырау әкімі қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат тарады

19 Сәуір, 23:11 627

Әлеуметтік желіде Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин қайтыс болды деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық жедел штаб бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың жалған аккаунтында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Төтенше жағдай режимі аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін еске саламыз. Қазір құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолдану үшін төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың атын жамылған жалған аккаунт иесін іздеумен айналысуда, - делінген мәліметте. 

Жедел штаб Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин жедел штабтың жиынысына қатысқанын алға тартты. Әкім Атырау қаласындағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасаған.

Перизат Саденова
Бөлісу: