Желіде ақшаны "көбейтіп беремін" деп уәде берген алаяқ ұсталды

12 Мамыр 2023, 02:32 1134

Алматы қаласының шетінде тұратын 24 жастағы Л. есімді азамат ақшаны тиімді инвестициялауды үйреткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, жас жігіт қаржылық интернет-алаңда ақшаны көбейтемін деген желеумен капиталын ұлғайтқысы келгендерден ақша алған, бірақ уәдесін орындамаған. Ол “клиенттерге” төлемнің қабылданғанын растайтын құжаттарды, түбіртектерді бермеген. Мәселен, қылмыстың бір эпизодында бөтен адамның 4 млн теңгесі Л. есімді азаматтың олжасына айналды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның басқа эпизодтарға қатыстылығы анықталып жатыр. Осы мақсатта бұл адамды таныған азаматтардан мына телефондар арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-708-196-51-20; 8-702-445-39-69, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Аудан басшылығы, күдіктінің әрекеті тергеуде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) квалификацияланғанын хабарлады. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. 

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Перизат Саденова
Бөлісу: