Жел, жаңбыр: 18 мамырға арналған ауа райы болжамы

18 Мамыр, 00:14 834

«Қазгидромет» 18 мамырда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. 

Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, Үржар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және түстен кейін Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, арасында найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжанады. Түнде өңірдің орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батысқа солтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыс орталығында 23-28 м/с құрайды. Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында өрт қаупі жоғары. Қызылордада күндіз қатты жаңбыр жауып, арасында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батысқа ойыса соққан солтүстік-шығыс желінің күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с құрайды. Таразда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі, таңертең және түстен кейін оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде де найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың орталығында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 23 м/с құрайды. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары. Жезқазғанда кейде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде найзағай ойнаса, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жел тұрады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады делінеді. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігіндегі екпіні 23 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қарағандыда найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда түнде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында аракідік қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан күндіз соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары. Атырауда күндіз найзағай болады, солтүстік-батыстан күндіз соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-18 м/с құрайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады, арасында найзағай ойнап, облыстың таулы аймақтарында бұршақ түседі деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с болады деп болжанады. Облыстың шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Түркістанда таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Ақмола облысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Алматы облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Батысқа ойыса шығыстан  соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с, кешке қарай 25 м/с дейін жетеді. Алматыда түстен кейін қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Батысқа ойыса шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Қонаевта күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Батысқа ойыса шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: