27.04.2023
16:00
913
Жеке куәлік ұрлаған алаяқ қарағандылық тұрғынның атына алты несие рәсімдеген

Жеке куәлік ұрлаған алаяқ қарағандылық тұрғынның атына алты несие рәсімдеген

Қарағандыда алаяқ біреудің құжатын пайдаланып, оның атына алты несие рәсімдеген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қарағанды ​​қаласы ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 37 жастағы ер адам арыз түсірген. Оның айтуынша, қаладағы түрлі микронесие ұымдарынан несие алған. Келтірілген шығын мөлшері анықталған жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 35 жастағы күдікті ер адам анықталды. Ол қылмысын толықтай мойындады. Қазіргі таңда, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.