Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына қарасты Ақсай қаласы, 4-ш.а. орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 2013 және 2017 жылы туған екі ұл бала екі бала лифт ішінде қалып қойған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына дереу жедел құтқару жасағының есептобы жетіп, лифт есігін ашып, балаларды аман-есен сыртқа шығарды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Балалардың үлкені 12 жастағы Жасланды ерекше атап өту керек. Ол мүлде саспай, өзі «112» қызметіне қоңырау шалып, жағдайды нақты түсіндіріп берген. Соның арқасында көмек уақытылы көрсетілді, - делінген мәліметте.