Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер адам Нұрболат Дәкебаевқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ер адамға екінші категория бойынша іздеу салынған. Аса қауіпті қылмыскер емес болса да, күдіктіні ұстау өңірлік полиция департаменті мен ІІМ ерекше бақылауында екені белгілі.
Қарағанды полиция бөлімінің қызметкерлері Нұрболат Дәкебаев жайлы ақпарат білетіндер болса 102 немесе 8 (7212) 40 79 19 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды. Қаладағы барлық сауда нысандарында ер адамның суреттері ілінген.
Айта кетейік, Қарағандыда көпқабатты үйлерлің бірінің ауласында шақыруға келген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін белгісіз бір ер адам соққыға жыққан. Денсаулық сақтау министрі оқиғаға қатысты пікір білдірді.