ҚР Жедел медициналық көмек бригадалары 2022 жылдың 7 айында 234 мыңнан астам науқасты құтқарды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Қазақстанда 2022 жылдың 7 айында жедел жәрдем шақыртуларының жалпы саны – 4 746 633. Бұл ретте шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауыр жағдайдағы пациенттерге жеделдіктің 1 санаты бойынша 234 065 қоңырау қабылданды. 2 санаттағы жеделдік бойынша 1 310 279 шақырту, 3 санаттағы жеделдік бойынша - 1 407 344, 4 санаттағы жеделдік бойынша 1 794 945 шақырту қабылданды.
Өз кезегінде, тамыз айында COVID-19 белгілеріне байланысты шақыртулар саны 3209-ды құрады, 1476 адам ауруханаға жатқызылды. Қоңыраулардың жалпы санының 4,3%-ға өскені байқалады. Жедел жәрдемнің 2022 жылы 7 ай ішінде келуінің орташа уақыты 13,1 минутты құрады.
Жалпы, Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметі 18 дербес станциядан, 121 қалалық қосалқы станциядан және 291 аудандық бөлімшеден тұрады.
Облыстық / қалалық станцияларда бір ауысымда 1483 көшпелі жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істейді, оның ішінде 279 (18,8%) мамандандырылған (дәрігерлік) және 1204 (81,2%) фельдшерлік бригада бар. Бүгінгі күні ЖМЖС балансында 2 249 бірлік санитарлық автокөлік бар.
Оның ішінде 1 392 бірлік қалада және 857 бірлік ауылда орналасқан. Сондай-ақ, ҚР ДСМ Шұғыл медицинаны ұлттық үйлестіру орталығының құрылымында Ахуалдық орталық тәулік бойы жұмыс істейді, оның мамандары 2022 жылдың тамыз айында ауыр науқастарға 2044 консультация жүргізді.