Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Михаил Литвин Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 400 метрлік финалдық жарыста жеңіске жетті. Спортшы қашықтықты 45,36 секундта бағындырды.
Айта кету керек, алдын ала раундта Михаил Литвин Қазақстанның рекордын орнатты, ол қазір 44,94-ке тең.