Жазушылар одағы сырқаттанып қалған ақын-жазушыларға көмектеседі

1 Тамыз 2023, 16:38 1231

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшылығы сырқаттанып жүрген ақын-жазушыларға көмек көрсету туралы мәселені қарастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма төрағасы Мереке Құлкеновтің сөзіне қарағанда, бұл бастама одақ жанынан құрылған «Қазақ әдебиетінің меценаты» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асады.

Жазушылар одағы қоғамдық бірлестік қана емес, үлкен отбасы екендігімізді ұмытпауымыз керек. Осыны ескере отырып, қазіргі таңда ауыр сырқаттанып жатқан ақын-жазушыларымызға көмек көрсету туралы шешім қабылдадық, - деді М.Құлкенов жиналыс барысында.

Оқи отырыңыз:

Одақ мәліметінше, ағымдағы жылдың соңына дейін 50 мың теңге көлемінде ай сайынғы материалдық көмек Несіпбек Айтов, Заря Жұманова, Жүрсін Ерман, Айсұлу Қадырбаева, Сара Латиева, Тұрлыбек Мәмесейіт, Нина Скалковскаяға берілетін болады.

Мереке Құлкенов мүмкіндігінше қаламгерлерге әлеуметтік қолдау білдіріп, шығармашылықпен айналысуға жағдай жасау одақтың негізгі міндеттерінің бірі екендігін жеткізді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: