Қазақ халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің жаназасы АҚШ-та оқылып, ол осы елде жерленетіні белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі АҚШ-тағы қазақтар қауымдастығына сілтеме жасап хабарлады. Бұл ақпаратты жазушының ұлы Едіге Мағауин жеткізген.
Агенттіктің жазуынша, "Мұхтар Мағауиннің жаназасы қаңтардың 11-і, сенбі күні сағат 10:00-де Ленхем қаласындағы түріктің Diyanet Center of America мешітінде оқылады, қонақасы да сол орында 13:00-де беріледі. Жерлеу рәсімі 11:00-де Parklawn Memorial зиратында өтеді", – деп жазылған жазушының ұлы Едіге Мағауиннің отандастарына жіберген хабарламасында.
Мұхтар Мағауин бүгін АҚШ-та 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының қазасына орай, марқұмның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады.