Жазира Байырбекова күйеуі Жанболат Ербатыровпен қалай танысқанын айтып берді

22 Қазан, 03:11 1332

Қазақстандық жұлдызды жұп Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыровтың қалай танысқаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Жазираның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әншінің сөзінше, ол болашақ жарымен 1-курста танысқан.

17 жасар кішкентай қыз едім. 1-курс оқимын. Жатаханада менен 2-3 жас үлкен қыздармен бірге тұрдым. Бөлмемдегі қыздарға қонаққа жігіттер келді. Көрші бөлмеде тұратын Жанболат есікті қағып «бері келші» деп коридорға шақырып, «Сен кішкентайсың, саған үлкен жігіттер бар жерде отыруға болмайды. Одан да далаға шығып таза ауа жұт, жүр бірге шығып келейік» деді. Содан бері «саған анау болмайды, мынау болмайды» деп жанымда жүр, - деп жазды өнер иесі.

Перизат Саденова
Бөлісу: