Жазға арналған ыңғайлы 5 кроссовка

17 Шілде 2017, 09:58 6542

Спорттық аяқ киім таңдай алмай жүрсіз бе?

 

Asics Gel Lyte III

Аталған модель 1989 жылы сатылымға шығарылды. Нарыққа енгелі бұл кроссовканы сатып алушылардың саны азайған емес. Артықшылығы өте сирек кездесетін түстерді пайдалануында жатыр. Asics Gel Lyte III-тің жоғарғы жағы жұмсақ теріден тігілген. Жақсы күтім жасай білсеңіз, ретромодельді еске түсіріп, біраз уақыт сәнін жоғалтпайды. Үш қабатты табаны сіздің салмағыңызға икемделе біледі.

Nike Air Huarache

Егер сіз көп жүргенді, қала ішінде қыдырғанды ұнататын болсаңыз, аталған модельге тоқталыңыз. Жоғары сападан жасалған табан сіздің аяғыңыздың ауырмауына жағдай жасайды. Ал жоғары жағындағы синтетикалық былғарыны аптасына сулы шүберекпен бір рет сүртсеңіз жеткілікті.

Nike Flyknit Lunar 2

Nike Flyknit Lunar 2 кроссовкалары ашық түстерімен ерекшеленеді. Аталған спорттық аяқ киім жаттығу залы мен жүгіруге арналғанымен, сырт келбетінің қарапайымдылығының арқасында күнделікті киіске жарай береді. Сапалы табанды  Nike фирмасының бұл моделі сізге ұзақ жылдар қызмет ететіні анық.

Puma Ignite

Алғашында Puma Ignite жүгіру үшін шығарылған болатын. Оның түсі мен ыңғайлылығы көптеген спорттық аяқ киімге қызығушыларды баурап алды. Сондай-ақ, бұл спорттық аяқ киім мүлде күтімді талап етпейді. Жоғары сапалы синтетика көшедегі шаң мен кірді өзіне қабылдамайды.

Adidas Ultra Boost

Бұл аяқ киімнің табаны Boost технологиясы бойынша жасалған. Сырт көзге пенопласт секілді көрінеді. Сондай-ақ, табанында тез тозудан сақтайтын бір қабат бар. Ал өкшесі жүргенде, жүгіргенде болатын түрлі жарақаттардан қорғайтын арнайы пластиктен жасалған. Adidas Ultra Boost өзінің аяқты дем алдыратын торларымен және жеңіл 269 грамдық салмағымен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, жаз айларында киетін кроссовка таңдағанда мына нәрселерге назар аударыңыз:

1) «Дем алдырмайтын» аяқ киімнен аулақ болыңыз. Ыстық жазда аяғыңыз қатты терлейтін болады.

2) Кроссовка таңдағанда матасына аса мән беріңіз. Матадан тігілгендері жаз айлары үшін өте ыңғайлы әрі жеңіл.

3) Аяқ киіміңіздің жеңіл болуына мән беріңіз.

4) Жазда ашық түсті кроссовка кисеңіз сәнді көрінеді. Қара, қою түстілерін суық мезгілге қалдырыңыз.

5) Аяқ киіміңізді қорғаңыз. Жаңадан сатып алғанда оны қалай тазалайтынын білу үшін құрамына мән бергеніңіз абзал.

Мөлдір Дарханбаева
Бөлісу: