26.08.2024
17:41
914
Жаздың соңғы күндерінде елімізде ауа райы қандай болады

Жаздың соңғы күндерінде елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктер жаздың соңғы күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 29 тамызда қатты жаңбыр күтіледі.

Жоғары қысым алқабының енуімен еліміздің  батысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді. Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында дауыл мен бұршақ жауады. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіледі.

Сонымен қатар, ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: күндіз батыс аймақтарда 27-35 градус жылыға дейін; солтүстік-батыс аймақтарда 20-30 градус жылыға дейін; солтүстікте 17-25 градус жылыға дейін; орталықта 18-28 градус  жылыға дейін; елдің шығысында негізгі температураның фоны 18-28 градус жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда ауа температурасының 22-30 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.