29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАтырауда суға секіріп, батып кете жаздаған әйел құтқарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға бүгін Жайық өзенінде болған. Су айдыны бойындағы кезекті патрульдеу жұмыстары барысында облыстық ТЖД қызметкері Ернұр Клауов тұрғын үй қалашығы маңындағы көпір жанында жағадан белгісіз әйел адамның суға секіріп кеткенін байқап, дереу шақырту түсіреді. Құтқарушылар келгенге дейін Жайық жағасында серуендеп жүрген тұрғындар көмекке шақырған әйел адамның дауысын есттіген. Олар құтқаруға әрекет жасап жүзіп барып, әйел адамды су бетінде ұстап тұрған.
Сол сәтте судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кезекті рейдте жүрген құтқарушылар жедел әрекет етіп, әйел мен оны құтқаруға әрекет жасаған екі ер адамды жағаға шығарды. Бірлескен жедел әрекеттің нәтижесінде әйел адам құтқарылды. Оның жағдайы бірқалыпты, ол медициналық көмекті қажет етпеген.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек