16.04.2024
10:55
1063
Жайық өзеніндегі су деңгейі сағат сайын көтеріліп жатыр

Жайық өзеніндегі су деңгейі сағат сайын көтеріліп жатыр

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 16 сәуірде сағат 8-дегі жағдай бойынша ахуал белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысының Жайық өзені бойынша, өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей төмендегідей өзгерді:    

Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгейі 538 сантиметр, су деңгейі +10 сантиметрге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 315 сантиметр құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентіндегі су деңгейі 664 сантиметр, су деңгейі + 10 сантиметрге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 347 сантиметр құрайды.
   
Жайық өзені - Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 387 сантиметр, су деңгейінің көтерілуі +14 сантиметр, су тасқыны басталғаннан бері жалпы су көтерілуі 196 сантиметр құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. 16 сәуірде Иректі су қоймасынан судың келуі 510 м3 / с құрайды, су жіберілуі 447 м3 / с құрайды, - делінген Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы таратқан мәліметте.