«Жайлы мектеп»: Талапкер ауылында ІТ мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 19:17 467

Талапкер ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 1145 оқушыға арналған IT мектеп-лицейі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмола облысы Талапкер ауылындағы жаңа ІТ мектеп-лицейдің салтанатты ашылу рәсіміне денсаулық сақтау министрі қатысты. Өз сөзінде министр өскелең ұрпақты оқыту мен оларға тәрбие беруде қазіргі заманға сай жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Ол сонымен қатар ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін жайлы және қауіпсіз жағдай жасау маңызына да тоқталды.

Заманауи мектептер қауіпсіздік пен қолжетімділік және функционалдықтың барлық талаптарына жауап беруі керек. Мемлекет әр баланың тұратын жеріне қарамай сапалы білім алып, салауатты өмір сүруге қолжетімділігі болуын мақсат етеді. Талапкердегі IT мектеп-лицей – мемлекеттік бағдарламалар арқылы барлық балаға теңдей мүмкіндіктер жасай отыра ауылдарды дамытудың жарқын үлгісі, — деді Ақмарал Әлназарова.

Жаңа ІТ мектеп-лицей Қазақстандағы білім мен денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі ауқымды мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынды. Аталған бағдарлама аясында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының диспропорциясын жоюға, сондай-ақ балалардың үйлесімді дамуына жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: