Жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші 2,5 жылға сотталды

13 Наурыз, 10:33 941

Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып, мерт еткен жүргізушіге сот үкім кесті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Грузинская мен Виноградов көшелерінің қиылысында болған. Солға бұрылған көлік жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні байқамай, қағып мерт еткен.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Ер адам бұрын сотталмаған және көлігінде әкімшілік айыппұл болмағаны белгілі болды.

Жәбірленуші тарап оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сот шешімімен сотталушы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеліп, 5 жыл мерзімге көлік айдау құқығынан айырылды, - делінген ақпаратта.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: