Жауын-шашынды: Осы аптада ел аумағында ауа райы қалай құбылады

Жауын-шашынды: Осы аптада ел аумағында ауа райы қалай құбылады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұған циклонның және онымен байланысты ауа ағыны бөліктерінің өтуі себеп болуы мүмкін. Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек республиканың оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Қызылорда облысында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Желдің екпіні 15–20 м/с-ке жетіп, күндіз 23–28 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз найзағаймен қатар дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Жел екпіні 15–28 м/с-ке дейін күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан және күндіз Ақмола облыстарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл өңірлерде де жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей аймақтарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15–20 м/с-ке жетеді. Қарағанды облысында дауыл күтіледі.

Қостанай облысының кей бөлігінде найзағай, дауыл және бұршақ болжануда. Таңертең және күндіз 15–20 м/с жылдамдықтағы жел соғуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерінде найзағай мен тұман болжанып отыр.

Түркістан және түнгі уақытта Жамбыл облыстарында жел екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай және Қарағанды облыстарында аптап ыстық күтіледі.

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының кей аумақтарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.