02.12.2024
05:17
1089
Жаттығу залына келген жас жігіттің саусағын сақина қысып қалған

Жаттығу залына келген жас жігіттің саусағын сақина қысып қалған

Өскеменде жаттығу залына келген жігіттің саусағын сақина қысып қалған. Өздігінен шеше алмаған оған құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО ТЖД құтқарушылары сақинаны арнайы құрал көмегімен шешіп, жас жігіттің саусағын сақинадан босатты. Жаттығу залына келушінің өміріне қауіп төнбеген. Өз кезегінде ол құтқарушыларға алғысын білдірді. 

Осы ретте төтеншеліктер тұрғындарға қандай да бір төтенше жағдай кезінде бірден 112 қызметіне хабарласу қажеттігін ескертеді.