"Жасыл жайлау", "Көк тудың желбірегені". Әнұран білмейтін жастар жұртты шошытты

31 Қазан 2023, 16:00 2444

"Еуразия 1" арнасының тілшісі Астана көшелерін аралап, қала тұрғындарынан әнұран айтып беруін сұрады. Алайда, әнұранды білетін адам таппай әбігерге түсті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Әнұран деп «көк тудың желбірегенін» әуелеткендер бар. Жастар жағы бір бөлек, үлкендер де әнұранның сөзін білмейтін боп шықты.

Жүргізушінің "Әнұранның қайырмасын айтып берші", - деген сұрағына былай жауап берді:

Мен өлең айта алмаймын. Менің ойыма "Алтын күн аспаны" еске түсіп тұр, білмеймін неге екенін, деп жауап берді.

Ал студенттердің бірі "Көк тудың желбірегені" атты әнді әндетіп, қайырмасын айтып берді. Әнұранның авторлары тұрмақ, сөзін білмейтіндер көп екен.

Жоқ, білмеймін. Моңғолиядан келгенмін, - деп жауап берді студенттердің бірі.

Жүргізуші студенттерден емес, үлкен адамдардан сұрап көруді жөн көреді. Алайда, 60-тан асқандар да әнұранның сөзін білмейтін болып шықты.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: