«Жасыл аула»: Алматыда тұрғындарға көшет тарату акциясы басталды

14 Наурыз 2023, 14:07 2215

Көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шегіршін, сәнағаш, шаған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады. Өтінім 15-24 наурыз аралығында қабылданады. Бір адамға 20 көшетке дейін беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Акцияға қатысушылар үш жыл бойы егілген талдарды күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қояды.

Қатысу үшін: 

Аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз және тал егетін орынның нақты мекенжайы.
Тал егілетін орынның фотосы. Панорамалық форматта болғаны жөн.
Сұралған көшеттің түрі мен саны.
Бұл деректерді Jasyl.aula.almaty@gmail.com электронды поштасына жіберу керек.

Көшеттер 1, 2 және 9, 10 сәуір күндері таратылады. Мекенжайы: Әуезов ауданы, Юрий Ким көшесі, 9 үй («Eco Almaty» ЖШС). Егілген соң жоғарыда көрсетілген электронды мекенжайға фото есеп жолдау қажет.

EL.KZ
Бөлісу: