Кейінгі жылдары 18-30 жас аралығындағы жастардың шашы ерте ағарып жатқанын мамандар жиі айтып жүр. Кейбіреулер мұны күйзеліс пен экологиямен байланыстырса, енді бірі дәрумен жетіспеушілігінен көреді. Алайда трихолог, медицина ғылымдарының кандидаты Әлия Құрбанова ерте ақ шаштың басты себебі мүлде басқа екенін айтады.
El.kz: Кейінгі уақытта, әсіресе, 18-30 жас аралығындағы жастардың шашының ерте ағарғаны жиі кездеседі. Бұл немен байланысты?
Әлия Құрбанова: Иә, расында да, соңғы 10-15 жылда біз 18-30 жас аралығындағы ерте ағарған пациенттерді жиі көре бастадық. Бірақ бір нәрсені түсіну маңызды: ақ шаш – ауру емес, ол шаш фолликуласындағы меланоциттер шығаратын пигменттің жоғалуынан немесе бұзылуынан пайда болады.
Егер ата-анасы ерте ағара бастаған болса, онда бұл жағдайдың қайталану ықтималдығы өте жоғары. Бұл – ең жиі кездесетін фактор.
Генетика мыналарды анықтайды:
Егер бұл генетикаға байланысты болса, процесті тоқтату мүмкін емес.
Созылмалы күйзеліс (жиі кездесетін себеп)
Қазіргі 18-30 жас аралығындағы жастарда:
Стресс мыналарға әкеледі:
2020-2023 жылдары жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, пигмент жасушаларының тезірек таусылуына әсер етуі мүмкін екенін көрсетті.
Дәрумен тапшылығы және гормондық бұзылыстар
Көбіне кездесетін жағдайлар:
Бұл факторлар, әсіресе генетикалық бейімділік болған жағдайда, шаштың ағаруын жеделдетуі мүмкін.
El.kz: Ерте ағарудың себептері арасында генетиканың рөлі қаншалықты үлкен? Егер ата-әжесінде немесе ата-анасында шаш ерте ағарса, бұл міндетті түрде балада да қайталана ма?
Әлия Құрбанова: Бақылау зерттеулері мен клиникалық тәжірибеге сүйенсек, ерте ағарудың шамамен 60-80% жағдайында тұқымқуалаудың үлесі бар.
Бұл нені білдіреді:
El.kz: Күйзеліс пен психоэмоционалдық жүктеме шаштың ағару процесін қаншалықты жеделдетеді?
Әлия Құрбанова: Иә, стресс шаштың ағаруын жеделдетуі мүмкін. Бірақ егер генетикалық бейімділік болмаса, ол негізгі себеп болып саналмайды.
Орта есеппен:
Әсіресе кімдерге:
Маңыздысы күйзеліс шашты бірден ағартып жібермейді.
Бұл:
Егер меланоциттер генетикалық түрде тез таусылуға бейім болса, стресс бұл процесті жылдамдатады. Ал генетикалық бейімділік болмаса, әсері әлдеқайда әлсіз болады.
El.kz: Кейбір адамдар ерте ағаруды экологиялық факторлар (ауаның ластануы, ауыр металдар, радиация, ультракүлгін сәуле, электромагниттік толқындар) байланыстырады. Бұл қаншалықты рас?
Әлия Құрбанова: Экологиялық факторлар тотығу стрессі арқылы шаштың ағару процесіне белгілі бір деңгейде әсер етуі мүмкін. Бірақ бүгінгі таңда олардың үлесі генетика мен жас факторына қарағанда әлдеқайда аз.
Ауаның ластануы (PM2.5, автокөлік түтіні)
Белгілі болғаны:
Бірақ:
қалалық ортаның адамдарда ерте ағаруға тікелей себеп болатынын дәлелдейтін ірі клиникалық зерттеулер жоқ.
Ауыр металдар
Теориялық тұрғыда:
Іс жүзінде:
Радиация
Иондаушы сәулелену жасушаларды зақымдайды.
Бірақ бұл:
Ультракүлгін сәуле (УФ)
Бірақ бұл фолликулдағы меланоциттердің таусылуы емес, тек шаштың сыртқы пигментінің бұзылуы.
Электромагниттік толқындар
Қазіргі таңда:
El.kz: Көпшілік В12 дәрумені немесе мыс жетіспесе, шаш ағарады деп ойлайды. Бірақ сіз дәрумен жетіспеушілігі негізгі себеп емес дейсіз. Неге?
Әлия Құрбанова: Ақ шаштың негізгі механизмі – меланоциттердің таусылуы.
Шаш ағарады, егер:
Көп жағдайда бұл:
Дәрумендер бұл генетикалық «таймерді» қосып немесе өшіре алмайды.Егер B12 немесе мыс негізгі себеп болса, онда оларды толықтырғаннан кейін шаш түсі қайта қалпына келер еді. Бірақ тәжірибеде бұл сирек кездеседі.
Көптеген емделушілерде ерте ағару болғанымен:
El.kz: Ақ шаштың ағза үшін қандай да бір пайдалы жағы бар ма? Мысалы, кейбір зерттеулерде ақ шашы бар адамдарда онкологиялық аурулар сирек кездеседі деген пікір бар.
Әлия Құрбанова: Бұл – қызықты сұрақ, бірақ ғылыми деректер мен әдемі гипотезаларды ажырата білу керек. Қазіргі уақытта ақ шашы бар адамдарда қатерлі ісік аз кездесетінін дәлелдейтін ірі эпидемиологиялық зерттеулер жоқ.
Керісінше:
Сондықтан «қорғаныш әсері» туралы пікір әзірге ғылыми негізге ие емес.
Антиоксиданттық қорғаныс та күшеймейді. Керісінше, ақ шаштың пайда болуы:
El.kz: Ақ шаштың теріс әсері бар ма?
Әлия Құрбанова: Көп жағдайда ақ шаш – тек эстетикалық мәселе.
Бұл:
Алайда кейде ол ағзадағы белгілі бір бұзылыстың белгісі болуы мүмкін.
Мысалы:
Бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі.
El.kz: Ақ шашты жұлып тастаса, саны көбейеді деген рас па?
Әлия Құрбанова: Бұл – миф.
Бір фолликулдан тек бір тал шаш өседі. Егер оны жұлып тастасаңыз, сол жерден жаңа шаш өседі және ол да ақ болады.
Бірақ шашты жиі жұлу қауіпті болуы мүмкін:
El.kz: Ерте ағаруды тоқтатуға бола ма?
Әлия Құрбанова: Егер себеп генетика болса – толық тоқтату мүмкін емес.
Егер мәселе дәрумен тапшылығымен немесе гормондық бұзылыстармен байланысты болса, процесті баяулатуға болады.
Көмектесуі мүмкін:
Ал мына әдістердің тиімділігі дәлелденбеген:
Олар шаштың сапасын жақсартуы мүмкін, бірақ түсін қайтара алмайды.
El.kz: Жастарға ерте ағарудың алдын алу үшін қандай кеңес берер едіңіз?
Әлия Құрбанова: Ерте ағару қаупін азайту үшін:
Бірақ күшті генетикалық бейімділік болса, ақ шаштың пайда болуын толық болдырмау мүмкін емес. Дегенмен дұрыс өмір салты оның пайда болуын біраз уақытқа кешіктіруі мүмкін.