19.03.2026
16:30
2327
Жаңалықтар

Жастар жаңалықты қалай тұтынады? Қазақстанда ауқымды сауалнама басталды

Қазақстанда жастардың ақпаратты қалай қабылдайтынын анықтауға бағытталған ауқымды зерттеу басталды. Сауалнаманы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізіп жатыр.

Зерттеу «Жастардың ақпараттық ортадағы қажеттіліктері және жаңалық контентімен өзара әрекеттесуі» тақырыбына арналған. Оның аясында жастардың ақпараттық әдеттері, жаңалықты қайдан және қалай алатыны, қандай форматтарды таңдайтыны және ақпаратқа деген сенім деңгейі зерделенеді.

 Сауалнама Қазақстанның барлық өңірін қамтиды, қатысушылар кездейсоқ таңдалып, толықтай анонимді түрде жүргізіледі. Барлық жауап тек ғылыми мақсатта және ел бойынша талдамалық көрсеткіштер қалыптастыру үшін пайдаланылады.

Зерттеу орталығы кәсіби стандарттарды сақтай отырып, қатысушылардың жеке деректерінің құпиялылығы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді.

В Казахстане началось масштабное исследование

Проект направлен на изучение того, как молодежь воспринимает информацию. Опрос проводит Научно-исследовательский центр «Молодежь».

Исследование посвящено теме «Потребности молодежи в информационной среде и взаимодействие с новостным контентом». В его рамках изучаются информационные привычки молодежи, источники получения новостей, предпочтительные форматы и уровень доверия к информации.

Результаты проекта позволят глубже понять актуальные тренды в медиасфере и разработать качественный контент, адаптированный под молодежную аудиторию. Поэтому мнение каждого участника имеет значение.

Опрос охватывает все регионы Казахстана, участники отбираются случайным образом. Исследование проводится полностью анонимно — все ответы используются исключительно в научных целях и для формирования аналитических показателей по стране.

Центр гарантирует соблюдение профессиональных стандартов, а также конфиденциальность и безопасность персональных данных участников.